Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақыл-есі бұзылған балалардың мектебіне ауыстыр" деді": Роза Әлқожа ұлына арнап, ерекше жазба жариялады

Танымал өнер өкілі, әнші Роза Әлқожа ұлының туған күніне арнап, желіде жазбасын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/roza_alqozha/

Эстрада жұлдызы ұлының ерекше қасиетке ие екенін айтып берді. 

“Сары күзде сары алтынның туған күні! Кеше ғана бөпе болып, еркелеп жүрген жігіт бүгін 15 жасқа толды! Үлкен жігіт болды! Анасы ылғи алыста, бір жерде жүргендіктен кішкентай кезінде тұйық болып өсті. Оқуда үлгерімі ойландырды. Бұл жағынан бізге Астана, 56-лицей, Эльмира Қабышқызы көп көмектесті. Осында бір мұғалім "балаңыз 42 әріпті танымайды, ақыл-есі бұзылған балалардың мектебіне ауыстырыңыз" деген. Бір-ақ күнде көшіп кеткенбіз. Эльмира апайы екі-ақ күнде түгел әріп танытты. Екі жылда төртпен оқитын оқушыға айналды. Астанадан қимай қайтқанымыз да содан”, – деп бастады әңгімесін шоу-бизнес жұлдызы. 



Сондай-ақ әнші ұлының болашағынан үміт күтетінін жасырмай, әлемді мойындататынына сенім білдірді. 

“Қазір бұл жігіт бірінші сыныпта шығып кеткен мектебінде, 9-сыныпта оқиды. Күмәнданғандар, кекеткендер айта берсін, бұл жігіт әлі әлемді мойындатады! Мен құлыныма сенемін! Ақылына, пайымына сенемін! Жабы көрініп, тұлпар шығатын жүйріктер болушы еді ғой?! Бұл соның өзі! Жасың құтты болсын! Ғұмырың ұзақ болып, бақытты жан бол", – деп жазды Роза Әлқожа. 

Еске салайық, Роза Әлқожа ақылы мектептерге қатысты ойын бөліскен еді. 

Талқылау