"Әкесінің тағдырын қайталады": Ұшақ апатында мерт болған ең жас лейтенант туралы әріптесі айтып берді
Алматыдағы ұшақ апатында көз жұмған ең жас әскери қызметкердің өмірі туралы бұрынғы әріптесі айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасап.
25 жастағы аға лейтенант Мұхтар Сағымбаевтың өмірі әкесінікіне ұқсас болды дейді келіншек. Осылайша лейтенанттың бұрынғы әріптесі тың деректермен бөлісті.
"Ол бала 25 жаста, үйленбеген. Мұхтардың әкесі де тура осындай ұшақ апатынан 20 жыл бұрын қайтыс болған. Әкесі шекара авиациясында қызмет атқарып жүріп, 2001 жылы ақпан айында мерт болды. Енді баласы да әкесінің тағдырын қайталап отыр", - деді ол.
- "Жұмаққа барады": Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болған ұшқыштың жары
- "Бомба жарылғандай болды": Алматыдағы ұшақ апатының куәгерлері оқиға туралы айтып берді
Оған қоса, Мұхтар Сағымбаев анасы алған ипотека бойынша банкке қосымша қарызгер болған.
Еске салсақ, 13 наурызда Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып шыққан ҰҚК әуе қызметінің АН-26 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта болған 6 жолаушының 4-еуі қайтыс болды. Алматы маңындағы ұшақ апатының үш негізгі себебі айтылды. Бүгін Ан-26-ның "қара жәшігі" тексеруге жіберілді.