
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адамның ісі бойынша тергеу аяқталды. Тергеу үш айға созылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыптының қарияны ұрып-соғып, аулада сүйреп жүргенін көршісі видеоға түсіріп алған. Зейнеткердің қазасынан кейін ғана олар бұл кадрларды жариялап, полицияға жүгінген. 40 жастағы ұлы мен келіні балаларының көзінше әкесін үнемі сабайтыны белгілі болды.
Тергеу барысында полиция қарияның неден қайтыс болғанын анықтау үшін, эксгумация жасап, марқұмды қазып алған.
Нәтижесінде әкесіне қатыгездік танытқан ер адамге екі бірдей айып тағылды. Атап айтқанда – адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жазасын колонияда өтеуі мүмкін.
Еске салайық, Түркістан облысында ер адамның өз әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, тіпті ұрып-соққан видеосы тараған еді. Облыстық полиция ер адамды қамауға алды. Оның асаба екенін білген ел-жұрт жағасын ұстап, оны жерден алып жерге салды.