Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі жындарды қуу үшін ұлының жыныс мүшесін балтамен шауып өлтірді

Үндістан тұрғыны жындарды қуу үшін 13 жастағы ұлының жыныс мүшесін кесіп тастады.

39 жастағы Рам Гопал Пательдің айтуынша, ол үйінде берекесіздік болып, жолы еш болмай кеткендіктен осындай қадамға барған. Ол сиқыршы жолы болмай жүргені айтқанда, ол ұлын құрбан етуге кеңес береді. Сол кезде жындар мазалауы қояды деген.

Ұлы мектеппен келген соң әкесі оның басынан қатты ұрып есінен тандырады. Кейіннен балтамен баласының жыныс мүшесін кеседі. Қансыраған баласы еденде біраз уақыт жатқан. Ұлы есін жимастан сол жерде көз жұмды.

Полицейлерді ұлының анасы шақырған. Әйелінің айтуынша, зұлым шайтандар күйеуін есінен алжастырған. Ұлдың әкесі мен сиқыршы қамауға алынды. Сот желтоқсан айында өтеді.

2015 жылы елде 135 адам осылайша сиқыршының құрбаны болған.

Тағы да оқыңыз:

Жалғыздықтан шаршаған ОҚО тұрғыны өзінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Талқылау