Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесі: Ринат Зайытовты анасы туғысы келмеген еді

Танымал айтыскер ақынның әкесі Рифхат Зайытов ұлының көпшілік біле бермейтін сырын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ринат Зайытов

«Ринат туарда қызық жағдай болды. Ол – отбасындағы төртінші бала. Анасы үш баладан кейін қиналған болар, Ринатты дүниеге әкелгісі келмеді. Алайда мен қарсылық танытып, бала 1983 жылы дүниеге келді. Ол кезде қиыншылық белең алып келе жатқан уақыт еді. Алайда баланың періштесі қаққан болар Ринат кез келген қиындықтан жолы болып шығатын еді», - деді әкесі. 

Рифхат Зайытов әйелімен айтыскер ақын мектепте оқып жүрген кезде ажырасқан. Алайда арада ешқандай дау болмағанын айтады. Сондай-ақ, ол ажырасуларына басқа балаларының қарсы болғанын еске алды.

«Ешқандай ұрыс болған емес. Осылай дастархан басында сөйлесіп, келісімге келіп бір костюммен үйден шығып кеттім. Ринаттың алдындағы үш балам ажырасуымызға қарсы болды. Реніштерін айтып жатты. Ал Ринат бетіме бірауыз қатты сөз айтқан емес. Содан олар Семейге көшіп кетті. Сол жақта оның алдынан басқа адамдар жолықты. Сері, ақын кісілер оған жол көрсете бастады», - дейді Рифхат Зайытов.  


"Тауықтың ұясындай баспана әперуге жарамадым": Анасынан кешірім сұраған Ринат Зайытов жұртты жылатты
Талқылау