Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкесінің құшағында қалған: Үзілген аспалы жолда опат болғандардың арасынан аман қалған бала табылды

Италияда аспалы жол үзіліп кетіп, 14 адам қаза болды. Марқұмдардың денесінің арасында тірі қалған бес жасар бала табылды. Ол әкесінің құшағының арқасында аман қалыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mailбасылымына сілтеме жасап. 

Суретте Амиттің өзі, ата-анасы және екі жасар інісі 

Дәрігерлер балақайдың жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Оның денесіндегі бірқатар сүйектері сынған. Мамандардың сөзінше, аспалы жол құлаған сәтте баланың әкесі оны қатты құшақтап қалған, соның арқасында ол аман қалыпты. Жарақат алған Амитпен бірге аспалы жолмен жүретін кабинкадан оның ата-анасынан бөлек, інісі, үлкен (арғы) атасы мен әжесі болған. Олардың барлығы опат болыпты. 

Баланың жағдайын оның ата-әжесі мен туыс әпкесі бақылауда.

Қазір қайғылы жағдайдың себептері анықталуда, арнайы комиссия құрылған. 

Жақындарының сөзінше, Амиттің ата-анасы жақында туған жерлері Израильге барып келген соң отбасымен бірге Альпі тауларына демалуды шешкен. 

Италияның премьер-министрі Марио Драги марқұмдардың туыстарына көңіл айтып, оқиғаны "қорқынышты жағдай" деп атады. 

Айта кетсек, Моттаронда орналасқан аспалы жол 1970 жылы ашылған. Оның биіктігі шамамен 1500 метрге жетеді. 

Еске салсақ, бұған дейін Италияда аспалы жолдың үзіліп кеткені жайлы айтылған еді. 

Талқылау