Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет қалыңдық көйлегін көрсетті

КешYou тобының әншісі Ақбота Сейтмағамбет қалыңдық көйлегін көрсетті. Әнші әрбір қыз баласы армандайтын ақ көйлегін киіп көре салысымен-ақ желіге жүктеді, деп хабарлайды Stan.kz.

15403379_597578057094213_4790137764932747264_n

Әзірге Ақботаның қашан тұрмысқа шығатыны белгісіз. Анығы, ол биылғы жылдың соңына дейін (31 желтоқсанға дейін) КешYou тобында ән салады.

Естеріңізде болса, бұған дейін Ақботаның КешYOU тобынан кететіні расталған еді. Әнші тұрмысқа шығатынын мәлім етсе, продюсері Баян Есентаева оның өз сүйіктісін «Гламур для дур» фильмінің түсірілім алаңында жолықтырғанын айтты.

Содан кейін жұрт Ақботаны аталмыш фильмде басты рөлді сомдаған Дәурен Айдарқұловқа қосты. Тіпті, желіде Айдарқұловтың бірінші әйелінің парақшасы пайда болып, бұл тақырып аясында тұтанған отты лаулата түсті. Баян Әкімжанова есімді әйел Ақботаны «үш баламның әкесінен айырды» деп сөкті. Алайда жуырда ғана БАҚ-қа берген сұхбатында әнші таңдаған жігітінің өнер әлеміне еш қатысы жоқ екенін алға тартты.

Жіберіп алмаңыз:

Бейбіт Қорған көзі тірі кезінде анасын ренжіткеніне өкініп жүр (видео)

RinGo әншісі: Жұбайым маған тұрмысқа шығар кезде ислам дінін қабылдады

Индира Расылхан аты дүркіреп тұрған кезінде көкөніс сатқанын айтып көзіне жас алды

Танымал сықақшы Көпен Әмірбек 65 жасқа келгенде ұлды болды

Талқылау