Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейтмағамбет бағдарлама студиясының еденін өзі жуды (видео)

Ақбота Сейтмағамбет бағдарлама студиясының еденін жуып, көрерменді таңғалдырды. Әнші үшін мұндай жұмыстың ауырлығы жоқ. Ол өзінің бала күннен қара жұмыс істегенін айтты. 

Ақбота Сейітмағамбет еден жуып жүр. Бұл әнші үшін арлы жұмыс емес. Себебі бала күнінен ауыр жұмыс істеп өскенін айтады. 

“Сен студияның еденін жу. Қалай істейтініңді көрейік. Қазірден бастап үйрене бер”, – деді әріптесі Шерхан Пірназар.

“Еден жуу білемін. Бұл менен қалған жұмыс, жаным әшейін. Сен маған көмектес. Ер адамдар үй шаруасына көмектеседі ғой”, – дейді Ақбота. 

Әнші студияның еденен осылайша өзі жуып шықты. Алайда мұның себебін ешкім түсіндірген жоқ. 

“Әйелдің жүрегі ауыр сөзге лайықталмаған. Әйелдің ағзасы ауыр жұмысқа лайықталмағаны сияқты оның нәзік жүрегі де ауыр сөздердің мекені емес”, – деп жазды әнші желіде.

Әнші әріптесі Шерхан Пірназармен бірге желіде белсенділік танытып, бірге видео жүктей бастады. 

Желі қолданушыларының бірі мұны хайп деп топшыласа, енді бірі түрлі сауалдар жолдап әлек. 

“Біресе би билейді, біресе ұсыныс жасайды, біресе еден жуады, осылай атын шығарғысы келеді”, “Оларға да оқылым керек, оқырман керек, көрермен керек”, “Қазір көрермендер арзан дүниеге сенбейді”, “Халықты ақымақ көретіндері несі?”, “Мүмкін шын ғашық шығар, әртістер тез ғашық болады ғой”, “Не айтарымды да білмеймін”,  деп жазды желідегілер.

Ақбота Сейтмағамбет пен Шерхан Пірназар біраз уақыттан бері отандық бағдарламаның тізгінін ұстаған. Екеуі таңғы бағдарламаны жүргізеді. Жақын күндері әріптесі Шерхан Пірназар әншіге көңіл білдіріп, ұсыныс айтты. Әнші оның сөзін әлі қабылдаған жоқ. 


Талқылау