Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуреннің отбасы барын басынан білдім

Ақбота Сейітмағамбет түсірілім кезінде күйеуінің отбасы бар екенін білген екен. Бастапқыда Дәурен екі отбасыны қатар асырай алатынын айтқан.

19984904_105699400084874_310098464132300800_n

Сурет: Ақбота Сейітмағамбеттің жеке парақшасынан

Бұл туралы “Гәкку” арнасына берген сұхбатында айтты.

Ақбота Сейітмағамбет Дәурен Айдарқұловпен махаббаттарының қалай басталғанын айтып берді. Әнші оның отбасы барын сол кезде білген екен. “Біздің махаббатымыз “Гламур для дур” фильмінен басталды деп айтсақ та болады. Соңы отбасын құрып, шаңырақ көтеруге ұласты. Баламның көрген жарығы болар, осы киноға түсіп, дүниеге сәби әкелдім. Аллаға шүкір, бақыттымын.

Негізі отбасылы екенін білдім. “Екі отбасын қатар асыраймын” деген болатын. Бірақ, екі әйелдікке қарсы болды. Дәурен келіншегімен заң бойынша ажырасқан, бірақ бала-шағасы үшін араласып тұрады. Үйде кішігірім ұзату мен құдалық өтті. Қазір бірге тұрамыз. Балапанымыз да кішкентай”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.


Жіберіп алмаңыз:

Дәурен Айдарқұлов келіншегімен бірге енді телехикаяға түспек

Айару Бақытбек “бес тонна бояу жағады” деп сөгетіндерге жауап берді

Ақбота Сейітмағамбет өзіне ренжіп жүрген продюсеріне жауап берді

Димаш MTV марапатын Айман Мұсаходжаеваға сыйлады

Талқылау