Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Сейітмағамбет Баян Мақсатқызынан қорқып жүргенін айтты

Жүктілігіне байланысты КешYou тобынан аяқ асты кетіп қалған Ақбота Сейітмағамбет содан кейін экс-продюсері Баян Мақсатқызын көрмегенін, тіпті, бірде бір рет тілдеспегенін айтты. Баян және Бағым Мақсатқызына өзін қарыздар санайтын Ақбота бүгінде қос ханымның алдына барудан ұялып әрі қорқып жүр екен.

баян акбота 120917

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ақбота қазіргі таңда продюсерсіз жұмыс істеп жүргенін айтты. Үш бірдей жаңа ән дайындап, телехикаяға түсіп жатқан жас анаға жолдасы Дәурен Айдарқұлов көмектесіп жатқан көрінеді.

«Администратор, директор бар. Бірақ қазіргі таңда продюсерсіз жұмыс істеп жатырмын. Өздеріңіз білесіздер, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мақсатқызымен жұмыс істеген болатынмын. Сол кісілерден сіңірген білімімді сіңіріп, жолдасым екеуміз қолға алып жатырмыз. Қаражат жағынан өзім де, жолдасым да көмектесіп жатыр», – деген Ақботаның бір мезетте көңіл-күйі түсіп кетті.

акбота 120917

Оның себебін Ақбота былай деп түсіндірді.

«КешYou-дан кеткелі жолыққан жоқпын, алдарынан өткен жоқпын. Талай себептер болды. Оның үстіне, өзім қайта-қайта ауруханаға түсіп қалып жаттым. Жүктілігім ауыр өтті негізінен. Бара алмадым да. Енді баламмен бірге барып, алдарынан бір өтетін шығармын деп ойлап отырмын. Қанша дегенмен, тәрбие берген ұстаздарым.

Қорқып жүрмін ғой. Бұйырса Алла қаласа, міндетті түрде барамын. Алдарынан өтіп, рахметімді айтып, кешірім сұрап. Ана болған соң олар да мені түсінеді деп ойлаймын», – деп түсіндірді Ақбота.

Жіберіп алмаңыз:

Босана салысымен ұлын көрсеткен Баян Нұрмышева оның себебін түсіндірді (фото)

Айсәуле Бақытбек: Жігітім маған қалай төзіп жүр екен

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет неке жүзігі мен сәбиін көрсетті (фото)

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Талқылау