Ақбота: Мен қымбат көйлек киіп, гауһар тақпайтын себебім – бар табысымды балаларыма саламын
Ақбота Керімбекова үшінші күйеуімен де ажырасып кетті деген әңгіменің нүктесін қойды.
Ақбота Керімбекова: Бұйырса келін аламыз, ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады. Әнші Ләйлә Сұлтанқызының The Эфир бағдарламасында қонақта болды. Әнші өнерге анасының әкелгенін, атақты әнші болам деп армандамағанын айтты. "Мен өзгелер секілді желіге сурет салып немесе оқырман жинап, жарнамадан пайда табума болатын еді. Бірақ ондайды қаламаймын. Табиғатыма жат. Бұрыннан тұйық болып, ел алдына шығуға ұялып өскенмен. Тіпті әнші болсам деп армандаған емеспін. Өзімнің атақты әнші болып кеткенімді байқамай қалдым. Өзгелер секілді қымбат көйлек киіп, гауһар тағып жүрмеймін. Бар табысымды балаларыма салам. Әріптестеріме, достарыма айтып отырам. Есесіне ертең балаларым бастық болып отырады, сол кезде шылқып киініп жүрем", - дейді әнші. "Соңғы кезде Ақбота үшінші күйеуімен ажырасып кетіпті деп әңгіме тарады. Мен жай ғана ұрысып қалғанымды айтқан едім. Тыңдармандар арасында да семіріп кетіпті, сымбатын жоғалтқан, киім жақсы-жаман деп жатады. Айналып келгенде, не істеймін, не қоям өзі өмірім, өзі білем. Тыңдармандар, тек менің әнімді ғана тыңдаңыздаршы. Жеке өміріме қатысты айтарым – Аллаға шүкір мен бақыттымын", – дейді әнші. Тағы да оқыңыз: Ақбота Керімбекова: Бұйырса келін аламыз, ұлымның сүйікті қызы үйге келіп шаруаға көмектесіп тұрады Әрсен: Бәріңе менің көзімді берсе, Мереке жайлы бұндай жаман пікірлер жазбас едіңдер Мереке: Сіздер бала көріп жүрген адам мені көзбен отырғызып-тұрғызадыТалқылау