Ақбота Керімбекова: Ұлым әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда
Ақбота Керімбекова елімізде болған митингілер мен тәртіпсіздіктерге қатысты пікір білдірді. Ол өз ұлының елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысып жүргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Елімнің ертеңі мен үшін де маңызды! Менің де ұлым азаматтық борышын өтеу үшін әскерге аттанып, елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалысуда!
Қадірлі жерлестер, менде де, Сіздерде де Отан жалғыз! Сол Отанымыздың тыныштығы мен бейбітшілігі – баршамызға ортақ құндылық! Ендеше, кемел келешек үшін күш-жігерімізді аямайық, себебі, күшіміз бірлікте", – деп жазба қалдырды Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Көз жасымды тыя алмадым": Аяғы ауыр Салтанат Бақаева Алматы үшін өкінішін білдірді
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"