Ақбота Керімбекова: Қазақ қыздарының жылағанын қаламаймын
Күні кеше Ақбота Керімбекова жастар екінші жартысын іздеп келетін бірегей бағдарламаға қонақ болып келген болатын. Әнші аталған бағдарламада өзгелер тарапынан жасалған қысымға шыдамай жылап жіберген қызға ақылын айтты.
Сурет: Ақбота Керімбекованың жеке парақшасынан
Бұл туралы Бірінші арнаның “Қалаулым” бағдарламасында айтылды.
“Теріс пікірлер адамды шыңдайды. Мен де бір кездері теріс пікірлерді естімесем, осы күнге жетпес едім. Мен оған жылап-сықтаған жоқпын. Керісінше күрестім. Өзімнің кім екенімді дәлелдегім келді. Біздің қазақтың қыздарының жылағанын өз басым қаламаймын. Қазір де неше түрлі нәрселер айтып жатыр сыртымнан. Мен жылап жүрген жоқпын. Өзің туралы әңгіме айтылып жатса қуану керек. Керісінше өзің туралы әңгіме айтылмаудан қорқу керек. Айтылса, алға қарай ұмтыл”, – дейді Ақбота Керімбекова.
Жіберіп алмаңыз:
Рамазан Стамғазиевтің келіншегі балалары үшін өнерін құрбандыққа шалғанын айтты
Ақан серінің ғашығының қолында қалған домбырасы табылып, музейге тапсырылды
Рамазан Стамғазиев: Бір-бірімізді көрмей кеткен күндеріміз болған. Бірақ махаббат жібермеді
Нұрлан Еспанов Қайрат Нұртастың жұбайына ағалық кеңесін айтты