Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота: Дәуренді құлай сүйгендіктен, басында екінші әйелі болуға да келіскем

Ақботаның айтуынша, Дәурен оған бір көргеннен ғашық болыпты. Ал сылқымның өзі болса өзінен біршама жасқа үлкен жігітке аға ретінде қарапты. Алайда киноға түсу барысында Ақбота Дәуренге қалай ғашық болып қалғанын өзі де сезбей қалған екен.

20479386_269005883579092_4961412999043612672_n

Бұл туралы Ақбота Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақбота Сейтмағамбет алғашқыда Дәуреннің екінші әйелі болуға келіскен екен. Әнші қыз Айдарқұловқа ес-түссіз ғашық болып қалғандықтан, бәріне көндігуге дайын болған. Алайда арада келіспеушіліктер туындағаннан кейін, Дәурен шешім қабылдап, алғашқы жұбайынан ажырасыпты.

Ақбота Дәуреннің не себепті екі әйелдіктен бас тартқанын түсіндірді.

«Бастапқы кезде екі әйел туралы әңгіме болған. Ешкім өзінің жолдасын бөлісіп қойғысы да келмейді. Бірақ шариғатта төрт әйелден алуға болады делінген. Басында келіскен болатынмын, жарайды екінші әйел болсам… Өзің жақсы көргендіктен, енді келісесің. Кішігірім жағдайлар болып, бәрі де аяқ асты болып кеткендіктен ауытқулар болды. Дәурен өзі таңдап, өзі шешкені отбасымен, яғни бізбен қалды. Біз араласқан жоқпыз. Екі әйел екі жақтан тартатын болсақ, оның да дымы қалмайды ғой. Сондықтан өзінің таңдауы болсын дедік», – дейді Ақбота.

Ақботаға: “Дәурен тағы бір киноға түсіп, басқа қызға ғашық болып қалса қайтесің?” – деп айтушылар көп екен. Оған сылқымның берер жауабы дайын.

“Жоқ, біз махаббатымызға сенеміз. Әрине, бұрынғы жұбайын да кезінде сыйлады, ол да біреудің аялаған, әлпештеген қызы болды. Қазір енді бір-бірімізді сүйіп қосылғандықтан, олай бола қояды деп ойламаймын. Бақыттымыз”, – деп мәлімдеді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейтмағамбет енесінің екі келінге бірдей қарайтынын айтты

Ернар Айдар отбасын құрмақ (фото)

Әйелімен отасқанына 20 жыл толған Майғазиев өзі үшін қымбат суреттерін көрсетті

Мейрамбек Бесбаев Анталия төрінде Шәмшінің әнін айтып, елді сүйсіндірді (видео)

Талқылау