Трамптың командасы мұнай бағасының 200 долларға жетуіне дайындалып жатыр – БАҚ

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі мұнай бағасы барреліне 200 долларға дейін көтерілген жағдайда туындауы мүмкін салдарды зерттеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым деректеріне сүйенсек, мұнай бағасының күрт өзгеру салдарын модельдеу Иранмен соғыс дамуының түрлі сценарийлеріне дайындықтың бір бөлігі және бұл нақты болжам емес.
Мұнай бағасы күрт өскен жағдайда экономикаға тиюі мүмкін соққыны бағалау шиеленіс кезеңдерінде тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл әкімшіліктің барлық ықтимал нұсқаларға, соның ішінде ұзаққа созылатын қақтығысқа дайын болуы үшін қажет.
Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Ирандағы әскери әрекеттер басталғанға дейін АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент қақтығыс мұнай бағасының өсуіне және экономикалық өсімнің баяулауына әкеп соғуы мүмкін деп алаңдаған. Шенеуніктер бірнеше апта бойы Ақ үйді мұнай мен бензин бағасының құбылу қаупі туралы ескерткен.
Ал Ақ үйдің баспасөз хатшысы Куш Десаи бұл мәліметтерді “жалған” деп атап, шенеуніктер “мұнай бағасының барреліне 200 долларға жету мүмкіндігін қарастырып жатқан жоқ” екенін және министр Бессент “Ирандағы операцияның қысқа мерзімді салдарына алаңдамағанын” мәлімдеді.
Иран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Трамп Ормуз бұғасы ашылмаса Иран электр станцияларына соққы беретінін айтып сес көрсетті
Bloomberg мұнай бағасының барреліне 170 долларға дейін қысқа мерзімге болса да өсуі АҚШ пен Еуропада инфляцияны жеделдетіп, экономикалық өсімді баяулатуы мүмкін деп бағалап отыр. Ал мұнайдың баррелі 200 долларға жетсе, бұл жаһандық экономика үшін аса үлкен соққы болмақ.
Еске салайық, АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы басталғаннан кейін әлемдік мұнай бағасы күрт өсті. Brent маркалы мұнай сауда барысында ең жоғары шегінде барреліне 120 долларға дейін жетті. Бұған негізгі себеп – Иранның Ормуз бұғазын жабуы болды. Бұл стратегиялық бағыт арқылы аймақта өндірілетін мұнайдың шамамен 90 пайызы және әлемдік жеткізілімнің бестен бірі өтеді. 19 наурызда әлемдік мұнай бағасы тағы бір межеден асып, Brent барреліне 116 доллардан жоғары көтерілді. Жарияланған сәтте Лондондағы ICE биржасында Brent мұнайының мамыр айындағы фьючерстері барреліне 104 доллардан жоғары деңгейде саудаланып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Иран бес елдің кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергені хабарланған еді.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?