Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

AirAstana басшысы Қазақстан бойынша әуе билеттерінің бағасы неге жоғары екенін түсіндірді

Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостер ішкі рейстердегі билеттердің құны не себепті қымбат екенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

эйр астана

Фостердің айтуынша, Қазақстанның ішкі рейстердеріндегі әуе билеттері нарықтық бағадан төмен бағамен сатылады.

"Компания күрделі экономикалық жағдайларда, инфляциялық қысыммен жұмыс істейді. Дегенмен, біз тарифтерді мүмкіндігінше төмен ұстау үшін барлық мүмкін шараларды қабылдаймыз. Біз ішкі тарифтер бойынша ешқандай қозғалыс немесе өзгеріс жасаған жоқпыз. Fly Arystan ішкі бағыттардағы тарифтерінің 54 пайызы 14 мың теңгеден төмен, Air Astana-да 47 пайызы 20 мың теңгеден төмен бағада сатылады. Егер өткен жылғы Fly Arystan сатқан орташа тарифтерге қарасаңыз, бұл – 49 доллар. 2019 жылы Fly Arystan іске қосылғанға дейін ішкі бағыттардағы Air Astana орташа тарифі 81 доллар болды", - деді ол үкімет аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Фостер Қазақстанда әуе тасымалының ішкі нарығы өте жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

"Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) статистикасына сәйкес, Қазақстанда қазіргі уақытта әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан ішкі тасымалдау нарығы бар", - деп атап өтті ол.

Талқылау