Қазақстандық әйел ұшақта апатты шығу есігін ашып жіберген: Енді 7 миллион теңге төлеуі тиіс

Air Astana әуе компаниясын ұшақта апатты шығу есігін ашып жіберген қазақстандық әйелден 23 миллион теңге талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызылорда қалалық сотының мәліметінше, Астана-Алматы бағыты бойынша рейсті орындаған "Air Astana" ұшағы трапты күтіп тұрған кезде айыпталушы әйел апатты шығу есігін өз бетінше ашқан.
“Апатты шығу есіктері тек төтенше жағдайларда және экипаждың бұйрығы бойынша ғана пайдаланылады. Апатты шығу есігін ашу және эвакуациялық үрлемелі трапты іске қосу нәтижесінде, талап қоюшыға материалдық шығын келіп, трапты ауыстыру қажеттілігі туындаған. Ауыстыру құны - 22 995 936 теңгені құраған”, – делінген сот хабарламасында.
Сот тараптарға дауды татуластыру рәсімдері арқылы реттеу жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, келісім жасауға мерзім берген.
Берілген мерзімде тараптар өзара келісімге келген. Келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 2025 жылдың 20 қарашасына дейін 6 698 426 теңге өтемақы төлеуге міндеттелген. Ал талап қоюшы 22 995 936 теңгені өндіруді сұраған арызынан бас тартқан.
Сот шешімімен тараптар арасындағы медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"