Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana ұшағы Бакуге шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды

Тбилисиден Алматыға ұшқан Airbus A321 жолаушылар ұшағы Гейдар Алиев халықаралық әуежайына шұғыл қонды. Бұған жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оxu.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Air Asrtana баспасөз қызметі

Әуежайдың хабарлауынша, қонуға өтініш бергеннен кейін дағдарыс орталығы жұмылдырылды. 

“Жерүсті қызметтері өз әрекеттерін жылдам үйлестірді. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 00:25-те сәтті қонды. Жолаушыға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада. 

Air Astana Алматыға рейсті кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.



Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Алиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сеніммен айта алатынын жеткізген. 

Талқылау