Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana сәуірдің соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатты

Фото: Air Astana

Air Astana әуекомпаниясы Дубайға ұшатын рейстерді сәуірдің аяғына дейін тоқтатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін ұзартуға мәжбүр болып отыр.

Компания ұшпай қалған рейстердің жолаушыларына билет құнын толық қайтарып беруге дайын.


Air Astana компаниясының жаңа бас директоры ресми түрде қызметіне кірісті


Сондай-ақ Дубайға 30 маусымға дейін ұшатын рейстерді тегін қайта брондауға болады. Онымен қоса 30 маусымға дейін басқа бағытқа айыппұлсыз қайта брондауға болады. Алайда тариф айырмасы мен әуежай алымдары бойынша қосымша төлем болуы мүмкін.

Еске салсақ, осыған дейін Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді наурыздың соңына дейін тоқтатқанын жазғанбыз. Оған қоса, Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 01 Сәуір, 2026 16:19