Air Astana рейсімен ұшқан жолаушының шабаданындағы iPhone 16 телефоны жоғалып кеткен
Фото: Видеодан скрин
Транзиттік рейспен Алматы арқылы ұшып келген жолаушы шабаданына салынған жаңа iPhone 16 Pro Max телефоны жоғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жолаушы багажды алған сәтте шабаданның сыртындағы қаптағыштың сәл тозғанын байқаған. Дегенмен алыс сапардан келе жатқан соң, оны қалыпты жағдай ретінде қабылдаған. Үйге жеткен соң жүк ішінде жаңадан алған iPhone 16 Pro Max телефоны жоқ болып шыққан.
"Бұл телефонды несиеге алған едім, әлі екі жыл төлеуім керек. Біз дереу полицияға арыз жаздық. Сондай-ақ ұлттық әуе тасымалдаушысы Air Astana-ға да шағым түсірдік. Бірақ олардан "құнды заттарды багажға салуғ болмайды, құқық қорғау органдарына жүгініңіз" деген жауап алдық," – дейді жәбірленуші.
"Жолаушылар жылап, жақындарына қоштасу хатын жазды": Air Astana ұшағы апатқа ұшырай жаздады
Air Astana аутизмге шалдыққан баланы апаттық шығу есігінің жанына отырғызбай қойған
Жолаушының айтуынша, мәселе тек жоғалған телефонда емес, әуе компаниясының жауапкершілікті мойнына алмауында.
"Құрметті Air Astana, біз, жолаушылар, құнды заттарымызды сіздерге сеніп тапсырамыз және оларды бүтін күйінде алғымыз келеді," – дейді жолаушы.
@saidakaya1 Лететь с национальным перевозчиком и остаться без телефона? Легко😁 Из багажа в транзите через Алматы исчез iPhone 16😟 ЭйрАстана сказали, что им ЖАЛЬ! Но это ваш транзит, ваш контроль, ваш персонал! Друзья, прошу тегать НАЦИОНАЛЬНОГО перевозчика и репостов, чтобы авиакомпания провела расследование, просмотрела камеры!❓Вы бы доверили после такого свои вещи? #эйрастана ♬ оригинальный звук - saida
Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Air Astana әуе компаниясынан мән-жайды сұрап білді. Олардың мәліметінше, бағалы заттарды жолжүкке тапсырмаған жөн.
"Air Astana әуе компаниясы жолаушының осындай жағдайға тап болғанына өкінеді. Халықаралық тәжірибе мен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушыларға электрондық құрылғылар, құжаттар және зергерлік бұйымдар сияқты бағалы заттарды жолжүкке тапсырмауға кеңес беріледі. Жолаушы құқық қорғау органдарына жүгінген және әуе компаниясы осы оқиғаны тергеу үшін оларға қажетті көмек көрсетуге әзір”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Лоукостерден Air Astana рейсіне ауыстырылған жолаушыларға фильм көруге рұқсат бермей қойғаны туралы жазған едік.

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсылық күтуге болады?
