Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жаңа терминал іске қосылып, алғашқы рейс орындалды

Air Astana әуекомпаниясы 12 қарашадан бастап Қызылорда әуежайының жаңа терминалында жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Жаңа терминалдан алғашқы рейс Қызылорда-Алматы бағыты бойынша орындалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Евгений Ткаченко

Жаңа терминалдың ауданы 7 мың 500 шаршы метр. Жолаушылардың қолайлылығы мен жайлылығын арттыру үшін заманауи технологиялармен жабдықталған. Тексеру аймағында отырғызу талондарын автоматты түрде оқитын жүйе қолданылады. Жүк беру жүйесі де жақсартылған.



Сондай-ақ үш отырғызу аймағы орнатылған. Оның екеуі телескопиялық траптармен жабдықталған. Жаңа терминалдың іске қосылуымен әуежайдың өткізу қабілеті сағатына 250 жолаушыға дейін өсті.

Қызылорда әуежайының жаңа терминалында Air Astana жолаушылары үшін төрт тіркеу орны бар. Сонымен бірге FlyArystan еншілес әуе компаниясы жолаушылары үшін екі тіркеу орны орнатылған. Екі әуе компаниясы да Қызылордадан Алматыға тікелей тұрақты рейстерді орындайды. Ал FlyArystan лоукостері Астанаға бағыт алатын рейстерді қабылдайды. Ұшулар Қазақстан бойынша және шетелге саяхаттау үшін ыңғайлы түйісулерді қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Air Astana әуе компаниясы 12 жастағы қызды ұшаққа отырғызбағаны үшін оның анасына 5 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелгені туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 12 Қараша, 2024 14:14