Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялау үшін төрт рейс орындауға дайын

Air Astana қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялау үшін төрт рейс орындауға дайынФото: Air Astana

Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа қатысты репатриациялық рейстер жөнінде жаңартылған ақпарат жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Air Astana компаниялар тобы 3 наурыз күні Батыс Қазақстаннан және кері бағытта төрт репатриациялық рейс орындауды жоспарлап отыр. Оның екеуі Медина қаласына, екеуі Жиддә қаласына бағытталады. Алайда бұл рейстер Сауд Арабиясы мен Енипет авиациялық билік органдарынан тиісті рұқсат алынған жағдайда ғана жүзеге асады.

Сонымен қатар компаниялар тобы Таяу Шығыс елдеріне тұрақты рейстерді 6 наурызға дейін уақытша тоқтатады. Ал билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды. 

“Әуе компаниясы жағдайдың даму барысын мұқият бақылап отыр және алдағы өзгерістер туралы жолаушыларға жедел түрде хабарлайды”, – деп мәлімдеді әуе компаниясы.


Таяу Шығыс елдерінен рейстер жаппай тоқтатылды: Қазақстан өз азаматтарын қалай эвакуациялайды?


Еске салайық, бұған дейін Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты елімізден Таяу Шығысқа баратын рейстер тоқтатылған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Ирандағы жағдайдың ушығуына байланысты елімізден Таяу Шығысқа баратын рейстер тоқтатылғаны туралы жазған едік. Осыдан бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған.

Жағдайдың мән-жайы

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.

Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 03 Наурыз, 2026 08:17