Air Astana әуе компаниясында 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланған: Тексеру жүргізіліп жатыр
Air Astana әуе компаниясында 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланғаны туралы ақпарат тарады. Әуе компаниясы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: aerospaceglobalnews.com
Air Astana әуе компаниясында 1 миллиард теңгеден астам қаражат ұрланғаны туралы ақпара Kozachkow Telegram арнасында жарияланды.
Бұл көрсеткіш соңғы 3 жылда жүргізілген тексеру нәтижесінде анықталған. Зерттеу жұмыстарын "Эрнст энд Янг" ЖШС мамандары жүргізді. Олардың айтуынша, жекелеген тұлғалар авиабилеттерді брондау ақпараттық жүйесіне өзгерістер енгізіп, сеніп тапсырылған мүлікті жымқырған. Қылмыстық кодекстің “Аса ірі көлемдегі ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Анықталғандай 1 миллиард 54 миллион 710 мың теңге қолды болған”, – делінген ақпаратта.
Air Astana мен FlyArystan рейстері ең көп кешігетін әуе компания атанды
FlyArystan әуе компаниясының басшылығы қаражат ұрлау фактілерін анықтап, тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінгенін мәлімдеді.
"Тергеу нәтижелері бойынша ұрлық фактілері расталды, осыған байланысты әуекомпания кінәлі адамдарды анықтау және материалдық залалды өтеу үшін құқық қорғау органдарына жүгінді. Компания бұл соманы 9 айдағы қаржылық есептілікте толық ескерді. Тергеу мүддесі үшін қосымша егжей-тегжейлер жария етiлмейдi. FlyArystan өз қызметінде алаяқтық пен заңсыздыққа мүлдем төзбейді”, – деп мәлімдеді компания өкілдері.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтауда Air Astana рейсі 15 сағатқа кешігіп, әуе компаниясына айыппұл салынғанын жазғанбыз.