Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana наурыздың соңына дейін Дубайға рейстерін тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы Дубайға рейстерін тоқтаттыФото: Air Astana

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11–31 наурыз аралығында Алматы мен Астанадан Дубайға орындалатын тұрақты рейстерді уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әуе компаниясы жолаушылар билет құнын айыппұлсыз толық қайтара алатынын немесе басқа уақытқа қайта брондай алатынын мәлімдеді.



“Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтатады. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компания Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалауды жалғастыруда”, – делінген компанияның хабарламасында.

Еске салсақ, осыған дейін Air Astana Таяу Шығыс елдеріне рейстерді 10 наурызға дейін тоқтатқанын жазғанбыз. Оған қоса, Дубай халықаралық әуежайы жұмысын уақытша тоқтатқан еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 10 Наурыз, 2026 18:24