Айбек және Нұрбек Оралбайлар Азия чемпионатының алтынына таласады
Фото:Stan.kz collage
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласын өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сынына ағайынды Оралбайлар жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
85 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай жартылай финал үшін айқаста Доржийн Бариахаанмен жұдырықтасты. Қос боксшы арасындағы тарста 5:0 есебімен Нұрбек Оралбай жеңіске жетіп, финалға шықты.
Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының қола медаль иегері.
Ал аса ауыр салмақта бақ сынаған Айбек Оралбай түркіменстандық боксшымен қолғап түйістірді. Нәтижесінде 5:0 есебімен Азия чемпионатының алтынына таласуға мүмкіндік алды.
Айта кетейік, Айбек Оралбай – аса ауыр салмақта елімізден шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Сондай-ақ 2 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы.