Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АИ-95 бензинін пайдалану қытайлық көлік брендтері үшін кепілдікті сақтаудың міндетті шартына айналуы мүмкін – Автосарапшы

Фото: liquimoly.ru

Қазіргі бензин сапасы мен пайдалану жағдайында автокөліктерге әрбір 5–7 мың шақырым сайын техникалық қызмет көрсету қажет деп есептейді автосарапшы, "Автомобиль нарығына мониторинг жүргізу және талдау агенттігі" ЖШС бас директоры Артур Мискарян. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Артур Мискарян қазіргі бензин сапасын ескерсек, көліктерге техникалық қызмет көрсету уақытын қысқарту заңды құбылыс деп мәлімдеді.

"Қазақстандағы кейбір қытайлық көлік дилерлерінің техникалық қызмет көрсету арасындағы интервалды 15 мыңнан 10 мың шақырымға дейін қысқартуы қалыпты жағдай. Тіпті бастапқыда бұл аралықтың тым ұзақ болып белгіленгені таңғалдырды, бірақ түсінікті жағдай еді. Жалпы, бензин сапасын және көлік қозғалысының барған сайын ұзарып бара жатқан кептелістердегі жағдайын ескерсек, машинаны әр 5–7 мың шақырым сайын техникалық қызметтен өткізу орынды. Бұдан бөлек, кейбір қытай брендтерінің дилерлері біртіндеп АИ-95 бензинін пайдалануды кепілдік сақтаудың міндетті шарты ретінде ұсынуы әбден мүмкін", - деді ол.

Мискарянның айтуынша, қазір көп жүргізушілер әлі де АИ-92 бензинін пайдаланады.

"АИ-95 бензинін тұтыну артқанда мұнай өңдеу зауыттары оны өндіруге шамасы жете ме және К5 класты бензин өндіру қашан жолға қойылады екен деген сұрақ туындайды. Қазір мұндай бензин табу оғай емес, оны тек Алматыдағы бірнеше жанармай бекетінен ғана кездестіруге болады. Ал экологиялық талаптар көлік өндірушілер мен импорттаушыларға барған сайын күшейіп келеді", – деп түйіндеді сарапшы.

2025 жылдың 16 қазанында Қазақстанда АИ-92 бензині және дизель отынының бағасын көтеруге 2026 жылдың көктеміне дейін мораторий жарияланды.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 28 Қазан, 2025 10:21
Талқылау