Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аграрлық несие корпорациясы "Қарызды өсімпұлсыз төле" акциясын іске қосты

Аграрлық несие корпорациясы биыл 21 қазаннан 13 желтоқсанға дейін қарыздарды өсімпұлсыз өтеу бойынша акция өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay

Акцияға осы акция кезеңінде берешегі болған және сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары (заңды және жеке тұлғалар) қатыса алады.

Қарыз алушы тек мерзімі өткен сыйақы сомасын, мерзімі өткен негізгі борыш сомасын, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасын және айыппұл сомасын толық өтеген жағдайда өсімпұлсыз төлей алады. 

Айта кету керек, қарыз алушы акцияға бір рет қана қатыса алады. Клиент 2024- жылдың 13-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына ақша аудару арқылы қарызды өсімпұлсыз өтей алады. 

"Аграрлық несие корпорациясы фермерлерге тұрақты негізде қолдау көрсетеді. Осыған байланысты, біз өсімпұлды есептен шығару бойынша тұрақты негізде акциялар өткізіп тұрамыз. Өткен жылдары төтенше жағдалар мен су тасқынына байланысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің төлемдері кейінге шегерілді. Біздің квазимемлекеттік секторға жататын Корпорация ретіндегі басты міндетіміз - азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу ғана емес, сонымен қатар фермерлердің табысын арттыруға ықпал ету", - деп атап өтті "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.

Талқылау