Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ағасы інісінің қанын ішіп, миын жеп қойған (фото)

Оңтүстік Африкада достарымен бірге ойнап жүрген 4 жасар Камвелихл Нгала із-түссіз жоғалып кеткен. Полиция оның мүрдесін ағасының үйінен тауып алған. 30 жастағы Мандизи Гванья түрлі канибалдық рәсім жасап келген екен.

3F71E90400000578-4431792-image-a-14_1492764519529

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

Ең бірінші болып Нгаланы 70 жастағы әжесі түнімен іздеген екен. Мұнымен қатар, іштей ұлынан күдіктенгенін де жасырмады. Түнгі сағат екілер шамасында ұлы есікті ашпай қойған. «Мен шошқаны бөлшектеп тастаған болар деп ойладым. Себебі, айналаның барлығы қан болып жатты. Артынша немеремнің қолын көрдім. Адам еті шашылып жатты. Ұлым немеремнің ұрығын жегенін айтты. Менің немерем ағасының қолынан қаза тапппауы тиіс еді. Ұлым оны жақсы көріп, әрдайым қорғайды екен деп ойлағанмын», – дейді әжесі.

3F71E8F600000578-4431792-image-a-16_1492764637918

Бүлдіршіннің бас сүйегі толықтай тазаланған. Ал миы жоқ болып кеткен. Полиция оны ағасы жеп қойған болуы мүмкін деген болжам жасады. Қылмыскер ауыл тұрғындарына інісін не үшін өлтіргенін толықтай айтып берген.

«Адамдар есірткінің әсерінен өздерінің не істеп жатқандарын білмеуі мүмкін. Әлгі үйдегі көрініс өмір бойы түсімізге кіретін болады», – дейді ауылдың ақсақалы.


Жіберіп алмаңыз:

Ата-анасы дәрігерлердің сөзін тыңдамай “біріккен” егізін аман алып қалғанына қуанып жүр

Британиялық әйел бір мекемеде 70 жыл бойы жұмыс істеп келе жатыр

82 жастағы Жапония азаматы түнгі клубта диджей болып жұмыс істейді

Әзілкеш жігіт әлеуметтік желіде ғана “әдемі” болатын қыздарға ән арнады (видео)

Талқылау