"Ағам жайлы ауыр сөз айтты": Фариза Төреәлі келеңсіз жағдайға тап болғанын айтты
Танымал блогер Фариза Төреәлі ағасы Төреғали Төреәліні жамандаған оқырманына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/
Айта кетейік, әншінің төрт қалада жоспарланған концерті денсаулығына байланысты болмай қалған еді.
“Анамды бір сергітіп, көңілін көтеріп қайтайын деп киноға алып шыққанмын. Енді ғана кірейін деп жатқанда бір үлкен әйел баласымен дәл алдымызда бара жатты. Өзім орындарды қарап, бірдеңеге мән беретіндей тұрған жоқ едім. Әлгі әйел естіртіп тұрып ұлына менің ағам жайлы өте ауыр сөздер айтып жатты, не айтқандарын тіпті жазғым жоқ. Сүйектен өтетін сөздер. Оны естіп алып тамағыма бірдеңе тұрып қалғандай сезімде болдым. Қасымда анам бар, анам оны естіген жоқ. Дап-дардай әйел, қасында ұлы тұр. Ұлына сондай сөздер айтып бара жатыр. Жауап бермеске қоймады, жанына бардым да "келесіде тіліңізге ие болыңыз, алдыңызда сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз" дедім сабырмен сыбырлап. Ары қарай кетіп қалдым. Әншейінде ең үндемес, конфликттан қашатын мен есемді жібермедім", – деп жазды блогер.
-
"Билеттер қайтарылады": Төреғали Төреәлінің наурыз мерекесіне жоспарланған концерті өтпейтін болды
-
"Бір пәтердің құны": Төреғали Төреәлінің ата-анасы қыздарына сырға сыйлап, қызу талқыға түсті
Еске салайық, Төреғали Төреәлінің әкесі мәлімдеме жасап, халықтан кешірім сұраған еді.
“Төреш баламыздың денсаулығына байланысты алдағы күндері жоспарланған концерттерді кейінге шегіндірдік. "Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады" деген. Алла шипасын беріп, тез сауығып, алдарыңызға жарқырап шығуын нәсіп етсін. Дұғада болыңыздар, жақсыларым. Бұлттың артынан күн шығары анық қой, ауырмаңыздар",– деп жазған еді продюсер әке.