"Әкем мен ағам сиыр сауып, күбі піседі": Алтынай Жорабаева еркек пен әйелдің жұмысы деп бөлетіндерді сынады
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Алтынай Жорабаева көпшілікке үндеу жасап, отбасынан алған тәрбиесін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әкесінің тамақ жасап, ас үй тірлігіне араласатынын айтып берді.
“Міне – біздің үйдің ұстанымы. Тәрбиеміз де осындай. Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы тиеді, сол жасай береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер қолы тиіп тұрса, тамақ жасай салады. Сиыр сауып, күбі піседі”, – деп жазды әнші.
-
"Етегім ашылып кетсе де...": Алтынай Жорабаева күйеуінің сыйлығын көрсетпесе болмайтынын айтты
-
"Қыздары бірінші құттықтады": Алтынай Жорабаева жолдасына арнап жазба жариялады
Одан кейін жалпы ерлер қауымына да үндеу жасап, отбасындағы жандарды көпке үлгі етті.
“Кейбір еркексымақтар бар ғой. “Қатынның тірлігі” деп сөйлейтін. Олар өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп санаймын. Әкемнің анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады. Керемет жан. 28 сәуірде жамбасыма ота жасатып едім. Сол кезде ауырғанды сездірмейтін дәрілер іштім. Ол бауырым мен бүйрегіме әсер етті. Ауылда әкемнің қайнатқан шөп шайларын ішіп жатырмын. Күнде ішкізіп, уақытын қадағалап отыр”, – деп жазды өнер иесі.
Еске салайық, Алтынай Жорабаева тыңдармандарымен фотоға түсемін деп басы дауға қалғанын жазған едік.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
