"Африкаға қарағанда бізде арзан": Ауыл шаруашылығы министрлігі "Бәйтерек" басшысының ет бағасына қатысты пікіріне түсініктеме берді

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров “Бәйтерек” холдингі басшысының мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін “Бәйтерек” ұлттық холдингі басқарма төрағасы Рүстем Қарағойшин Қазақстандағы ет өте арзан, тіпті Африкадан арзан екенін мәлімдеген еді.
24 ақпанда өткен брифингте Ауыл шаруашылығы министрі ет бағасына қатысты пікір білдірді. Министрдің айтуынша, ішкі нарықтағы ет бағасы төмендеп келеді.
Жаңа жылға дейін және кейін ет бағасы өсе ме: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Сауда министрлігі ет бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салды
“Әрине, фермерлер экспорттағы бағаның 10-12 мың теңге болғанын қалайды. Олар осы экспорттық бағаны меңзеп отыр. Қазір экспорттағы баға еттің санатына байланысты 4,5 мыңнан 6 мың теңгеге дейін жетеді. Баға малдың қоңдылығына қарай қалыптасады: жоғары, орташа немесе төмен қоңдылық және соған қарай өзгереді. Қазір ішкі нарықта малдың бағасы 1 600-1 800 теңге шамасында. Тіпті төмендеді деуге болады: бір кездері 2 мың теңгеге дейін жеткен еді. Қазір орта есеппен 1 700 теңге болып тұр. Ал мұны ет бағасына шақсақ, ішкі көтерме баға шамамен 3-4 мың теңге болады”, – деді Айдарбек Сапаров.
Айта кетейік, бұған дейін Фермерлер сиыр етінің бағасын келісіне 10-12 мың теңгеден сатуды ұсынғаны туралы жазған едік. Кейін бұл мәлімдемеге “Бәйтерек” ұлттық холдингі басқарма төрағасы Рүстем Қарағойшин жауап берді. Ол Қазақстандағы ет өте арзан, тіпті Африкадан арзан екенін мәлімдеді. Онда баға шамамен 47 цент деді ол.
"Директордың алдында жауап бересіздер": Қазақстандық мұғалімдер жаңа Конституцияны қолдауға мәжбүрлеп жатқанын айтты