Адвокат Шекеев марқұм Шерзаттың отбасы қазанда жаңа үйге көшетінін айтты
Фото: Видеодан скрин
Адвокат Мейірман Шекеев желідегі парақшасында Қаржаубай Нұрымовтың отбасы қазанда жаңа үйге көшетінін мәлімдеді. Жеке кәсіпкер Асқардың көмегімен салынып жатқан үй Алматы облысы әкімдігінің бақылауымен рәсімделіп, 15 қазанға дейін аяқталуы жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мейірман Шекеевтің мәліметінше, бұл жеке кәсіпкердің арқасында мүмкін болып отыр.
"Қаржаубайдың отбасында енді тек қуаныш болсын! Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді. Мен үшін уәде – Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес міндеттеме. Міндеттемеден бір жақты бас тартуға болмайды, әйтпесе соттағы жауапкершілік туындайды. Көп түкірсе көл болады дегендей, осы орайда @asarume_kz басшысы Асхат мырзаға да алғысым шексіз. Негізі үйге әлі де көптеген керек-жарақтар қажет. Газ пеші, перделер және тағы басқалары. Көмек бергісі келетіндерден бас тартпаймын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл!" – деп жазды Мейірман Шекеев.
Құрылыс 15 қазанға дейін бітеді деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2024 жылғы қазанда 16 жастағы Шерзат Полат қазасынан бір аптадан кейін оның отбасы тұратын үй өртенді.
"Хутор бандасының" басшысы делінген Хасанның соты: Жәбірленуші оны қалай ұрлап, ұрып-соққанын айтты
Шерзат Полаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеу тоқтатылды
Еске салайық, бұған дейін 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Бас прокурордың орынбасары Шерзат Полаттың үйінөртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылатынын мәлімдеді.

Жаңа оқу жылында бір оқушыны мектепке дайындау қанша тұрады: Ата-аналар шығындарымен бөлісті
