Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Перизат Қайрат үкімді апелляцияға берді

Перизат ҚайратФото: Перизат Қайраттың желідегі парақшасынан

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның ісі бойынша адвокат Арман Давлетяров апелляция берілгенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңгер өз қорғауындағы азаматшаларды ақтауды сұрағанын айтты.

"Иә, мен апелляциялық шағым бердім. Апелляциялық шағымда үкімді жойып, олардың іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан, ақтауды сұраймын", – деді адвокат.

Шағымның қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, 25 шілдеде шыққан Перизат Қайратқа қатысты үкім заңды күшіне енген жоқ.


"Оны кінәлі деп есептемеймін": Перизат Қайраттың адвокаты соттың неліктен жабық режимде өткенін айтты


"Айтқаным келді": Меруерт Түсіпбаева ақша жымқырды деп айыпталған Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді


Еске салайық, 25 шілдеде қоғам белсендісі Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды, орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтейді. Ал оның анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды. Әйелдер алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танылды. Үкімнен кейін Арман Давлетяров бұл шешімді "негізсіз және заңсыз" деп бағалап, оны міндетті түрде қайта қарайтынын мәлімдеген еді.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 11:43
Талқылау
`