"Әділдік орнауы керек": Қанат Бозымбаев Bek Air ұшағы апатын тергеуді қайта бастауға қатысты пікірін білдірді
Фото: Бас көлік прокуратурасы
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев үкіметте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің осыдан алты жылға жуық уақыт бұрынғы Bek Air компаниясы ұшағының апаты туралы сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер Қанат Бозымбаевқа "Қаза болған ұшқыштардың Bek Air трагедиясына кінәлі деп танылуы және олардың туыстарынан зардап шеккендерге материалдық өтемақы талап етілуі әділетті деп ойлайсыз ба?" деп сұрады. Сондай-ақ 6 жылдан кейін тергеуді қайта жандандыру арқылы нақты нені анықтау жоспарланып отырғаны сұралды.
"Bek Air-дің артында тұрған адамдар қаншалықты ықпалды болғанымен, менің жеке пікірім (мен Көлік министрлігін қадағаламаймын), ірі төтенше жағдайлар болған кезде мен үкіметтік комиссияның басшысы ретінде шығып, қалай әрекет ететінімізді, яғни көмек көрсету тәрбітін және басқа мәселелерді анықтаймын. Өзімнің жеке пікірім – әділдік орнауы керек. Адамдар туыстарының қазасы үшін өтемақы алуы керек, ақиқат орнауы керек", – деп жауап берді Бозымбаев.
Тергеуді қайта жандандыру туралы шешімнің себебін сұрағанда, спикер қайғылы оқиға кезінде ол салаға еш қатысы болмағанын еске салды.
"Мен де сіздер сияқты мұның бәрін баспасөзден білдім. Сондай-ақ көлік министрінің оны (тергеуді – ред.) қайта жандандырғаны туралы айтқанын да БАҚ-тан білдім. Бұл сала менің құзіретіме жатпайды. Егер төтенше жағдай мен жұмыс істеп жүрген кезде болған жағдайда, оған менің де оған қатысым болар еді. Көлік министрлігі өз құзыреті шегінде әрекет ете алады, ал бас прокуратура тиісті материалдарды сотқа жібере отырып, баға беруі керек", – деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.
Еске салайық, Bek Airәуе компаниясының ұшақы 2019 жылы 27 желтоқсанда апатқа ұшырады. Алматыдан Астанаға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін бірден биіктігін жоғалтып, қоршауды бұзып өтіп, салынып бітпеген екі қабатты үйге құлады. Ол кезде бортта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам көз жұмып, ондаған адам түрлі жарақат алды.
Арада алты жыл өткеннен кейін көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс ресми түрде сотқа жолданғанын мәлімдеді.

"Аурухана мен мәдениет үйі жоқ": Сингапурға айналуы тиіс жаңа қала Алатаудың бүгінгі жай-күйі қалай (Фоторепортаж)
