"Әдеттегі жағдай": Серік Сәпиев балуанмен болған жанжал туралы пікір білдірді
Олимпиада чемпионы және бұрынғы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев Алматыдағы Naiza 49 аралас жекпе-жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен болған жанжалға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz. порталына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев Алматыда өткен Naiza 49 аралас жекпе жек турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен сөзге келіп қалып, шағын төбелес тез арада ажыратылған болатын.
Алайда, кейінірек матч біткен соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздады.
Біраз уақыттан кейін балуанның жаттықтырушысы Александр Гольцманның түсініктеме беріп, Сапиевтің Олимпиада чемпионы екенін білмегенін жеткізді.
"Менің ойымша, жекпе-жекте болуы мүмкін әдеттегі жағдай. Бұл жағдай күресте де, футбол алаңында да, барлық жерде болады. Бірақ ойыннан кейін бәрі дос болып қалуы керек. Мен рингте қарсыластарымды аямаймын, бірақ жекпе-жектен кейін біз доспыз. Бұл жағдай не себепті болды? Ойын біткенде, қарсыласымның қолын алуға бардым, оған күлімсіреп: "Бұндай жағдай болып тұрады" дедім. Бірақ ол эмоциямен жауап ретінде бірдеңе айтты. Мен шын ниетпен барып тұрсам, ол маған негативпен жауап берді. Кейін қайтадан негативті іс-әрекет танытты. Сол себепті осындай жағдай болды", – деп жазды Сәпиев.