Ademi жеке концерт өткізуге дайындық үстінде
«Жаңа толқын» байқауының күміс жүлдегері Ademi өзінің туған жері – Ақтау қаласында үлкен жеке концертін өткізбекші.

Сурет 24.kz
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Орындаушының айтуынша, оның вокалдық мүмкіндіктерін де алғаш аңғарған осы жердің оқытушылары.
«Жеке концертімді беретін күн де туды. Ол Ақтауда өтеді. Себеб бұл менің туған қалам. Сосын… көреміз, уақыт өзі көрсетеді», – деді әнші.
Қазақстандық эстрада жұлдызы көрермендерге өз орындауындағы әндермен қоса, оның қалыптасу тарихымен де бөлісуді жоспарлаған, концертін өзі жүргізбек.
Алматы мен Астанада концерт өткізуге қатысты сұраққа әнші әзірге мұндай қадамға әзір емес екендігін айтты.
«Алматы мен Астанада концерт беру үшін маған әлі уақыт керек, әнші ретінде. Халықтың тануы қажет», – деп атап өтті Әдемі Muzzone арнасына берген сұхбатында.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін