"Әдемі жарасамыз": Назым Қызайбай өзіне Димаш Құдайберген хат жазып жүргенін жасырмады
Бокстан Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Назым Қызайбай танымал әнші Димаш Құдайбергенмен хат алмасып тұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Спортшы тележүргізуші Динара Сәтжанның "Late night show with Dinara Satzhan" бағдарламасында қонақ болды.
Бағдарлама барысында Динара Сәтжан фотошоп арқылы Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған фотосын көрсетті.
“Ооо, әдемі жарасады екенбіз, иә!?" – деп таңғалды Назым Қызайбай.
-
Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді
-
Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай бокстан әйелдер құрамасының капитаны атанды
Одан кейін халық әртісімен не байланыстыратынын жасырмады.
"Димаш екеуміздің арамыз бір жас. Ол менен кіші. Ешқандай да қорқынышты емес. Одан да кішкентай балалар жазады. Димаш екеуіміз Instagram-да бір бірімізге тіркелгенбіз. Жарыстарда жеңіске жеткенде құттықтап тұрады. Мен де оның stories-теріне анда-санда жазып тұрамын. 2017 жылы қысқы Универсиада өткенде офлайн көріскенбіз", – деді спортшы.
Еске салайық, ұйғыр биін билеген Назым Қызайбай көпшілікті таңғалдырған еді.