Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мен сұлумын": Әдемі қыздар өздерінің артықшылықтары туралы

Сұлу қыздарды көрсек қызығып та, қызғанып та қарайтынымыз жасырын емес. Кез келген ортада "еліктің лағындай" сымбатымен көзге бірінші түсетін қыздарға ұрлана қарайтындар қаншама. Әдемі қыздар өздерінің сұлулығын қашаннан бастап мойындады? Stan.kz тілшісі сымбатына сенген сұлулардан сұхбат алып, өз ойларын білді.

21 жастағы Әйгерім Рахымбекова бойының ұзындығын былай қойғанда тал бойында бір мін жоқ хас сұлудың өзі. Өз адресіне келетін комплименттердің көбі дәл осы көрсең көзің тоятын әдемілігіне байланысты. "Өте сұлусыз" ,"еліктей екенсіз", "өте нәзік, әрі сүйкімді екенсіз" деген мақтау сөздердің көп екенін айтады. Басқа қыздардан оқ бойы озық тұратын әдемілігінің арқасында көп жерде "ауырдың үстімен" өтіп кететін кездері болатынын жасырмайды. 

Мектепте оқып жүрген кезінде өзінің өзгеден өзгеше сұлу екенін білмеген ару тек 8-cыныпқа келгенде ғана өз дене бітімінің, кескін келбетінің артықшылықтарын көре бастаған.

Кішкентайында анасы "ұсқынсыз балапаннан аққуға айналасың әлі" деп айтатын көрінеді. Аққудай сұңғақ бойлы ару бүгінде қазақстандық модельдік агенттіктерде жұмыс жасайды. 

21 жасар Дидар Оңалбек қыз баланың сұлулығы өзіне деген күтімінде деп санайды.

"Мен өзімді әдемі санаймын. Олай болмаса модель болып жұмыс жасау қиын болар еді. Өйткені адамға ең бірінші өзіне деген сенімділік керек", - деген сылқым кішкентай күнінен айна алдында өз сұлулығына тамсанып тұратынын еске алды. 

Сылқымның өз сұлулығын тануда ата-анасының сөздері көп әсер еткен, әсіресе, әкесі тарапынан қызының сұлулығына деген жылы комплименттері. Аққу келбетті аппағым деп еркелеткен ата-анасы қызының бойшаң әрі сұлу болып өсіп келе жатқанын байқаса керек түзу жүр, еңсеңді тік ұста деген сынды ескертпе айтып отырған екен. 

Үшінші кейіпкеріміз Асем Лесбек мектеп оқып жүргенде өзін ұсқынсыз балапан көрген. Әдемілік туралы ойлау былай тұрсын өзін басқалардан кем санағанын жасырмайды. Бұлай ойлауына басты себеп, артық салмақ жинауы және өз қатарынан бойының ұзын болуы. Бүгінгі таңда ару өзінің хас сұлуға айналғанын айтады. Артық салмақтан арылған Асем Лесбек қазақстандық модельдік агенттіктің бірінде қызмет атқарады. Қыздың әдемілігі денедегі кейбір бұлшық еттердің артық өсуі емес деген ару: "қызды ажарландыратын оның ішкі мәдениеті және өзін ортада ұстауы, сыпайы сөйлеуі" дейді. 

Қыздарымыздың әдемілік жайлы айтқан әдемі ойларын видеомыздан көріңіздер. 

 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көктегі ұшақтың құлауына жердегі үй иесі кінәлі ме? Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы

ІІМ: Түркістан облысында қару ұрлаған әскердің басқаларына зияны тимеді

Оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған

Нұр-Сұлтан тұрғыны ерекше шаңғы тебу түрімен елордалықтарды таңқалдырды (видео)

Ол өзіне парашют жегіп, шаңғы тепкен

Вице-министр: Қазақстандықтар енді бір ғана құжатпен жұмысқа орналаса алады

Жаңа жұмысқа кіру үшін енді қала аралап анықтама жинаудың қажеті болмайды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр