Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамбай: Үстіне зәр шашылып, 5 жылға сотталған полицейге көмектесейікші

Актер әрі режиссер Нұртас Адамбай фейсбуктегі парақшасы арқылы қазақстандықтарды мас жүргізушіні шапалақпен тартып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған полицейді қолдауға шақырды. Ол сот үкімінің әділетсіз екенін айтып отыр.

49837ce5-e2ad-4705-b605-f98e66377f6f

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жезқазған қаласында 23 жастағы Төлеген Игібеков “қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін” 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оқиға наркологиялық диспансерде болған. Бұрын полиция қатарында қызмет еткен көлік жүргізуші диспансерде шу шығарып, Игібековпен ерегіскен. Анализ тапсыру процесі кезінде кіші дәретін тәртіп сақшысының үстіне шашқан. Бұл әрекетке ашуланған полицей оны шапалақпен тартып жібереді. Осыдан кейін сот жүргізшіні босатып, Игібековты қамауға алады.

Игібековтің туысқандары мен аяғы ауыр әйелі сот шешімімен келіспейтінін айтады. Енді міне актер әрі режиссер Нұртас Адамбай да әлеуметтік желі арқылы барша қазақстандықты түрмеге қамалған полицейге көмек көрсетуге шақырды. Ол шешімнің әділетсіз екенін айтып жатыр.

“Достар, Төлеген Игібековке көмектесейікші! Ол – өзін ұстай алмай, мас жүргізушіні шапалақпен тартып жібергені үшін 5 жылға сотталған полицей. Әлгі жүргізуші еліміздің нышаны бейнеленген формаға зәрін шашты! Барша Қазақстанның алдында дәл осындай көрініс көрсетіліп жатқанда, азаматтардың полицейлерге деген құрметі артпасы анық. Үкім әділетсіз! Жазбаммен бөлісуді көп сұрамайтын едім, бірақ бұл жолы көмектеріңіз керек. Өзім танымайтын көмекке зәру екі баланың әкесі үшін өтініп сұраймын”, – дейді Нұртас Адамбай.

Аталған жазбаны оқыған желі қолданушыларының бірі “Әрине, мұндай нәрсе үшін 5 жыл тым көп. Бірақ екеуі де өз істегендері үшін жауапқа тартылсын”, “Америкада болсақ, жағдай мүлдем басқаша болар еді. Мас жүргізушіні өлім жазасына кесіп, полицейге ақшалай сыйақы беретін еді” сынды пікірлер білдірген. Арасында ол полицейдің Нұртас Адамдың жақыны екенін тілге тиек еткендер де бар. Ал режиссер полицейді мүлдем танымайтынын айтады.

Режиссердің жазбасына 4,5 мыңға жуық адам лүпіл басып, 4 мыңнан астам пікір жазылған.


Оқи отырыңыз:

Жезқазғанда полицейдің үстіне зәрін шашқан жүргізуші қамауға алынды

Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан жүргізуші босатылды

Жезқазғанда мас жүргізушінің полицейге зәрін шашқан сәті видеоға түсіп қалған (видео)

Туыстары үстіне зәр шашылған полицейге қатысты сот үкімімен келіспей отыр

 

Талқылау