Lenovo директорының өліміне күдікті Әзірбайжаннан Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: Бас прокуратура
Адам өлтіру және қарақшылық қылмыстары үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Әзірбайжаннан экстрадицияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстың құрбаны Ермек Жақыпжанов, ол Lenovo компаниясының Қазақстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы мемлекеттік мекемелермен жұмыс жөніндегі директоры қызметін атқарған. 2024 жылдың қазан айында екі ер адам Ермек Жақыпжановты кездесуге алдап шақырып, есінен танғанша ұрып-соғып, 40 миллион теңгеге жуық мүлкін тартып алған. Қала сыртына шығарып, өлтіріп кеткен. Жақыпжановтың денесі Өтеген батыр кентінің шетінде табылды.
Күдіктілердің біреуі қылмыс жасалғаннан кейін көп ұзамай Қарағанды облысы аумағында ұсталды. Екіншісі қашып кетіп, халықаралық іздеуге жарияланды. Бұл азаматқа кісі өлтіру мен қарақшылықты қоса алғанда, бірнеше ауыр қылмыс бойынша айып тағылып отыр.
Айыбы дәлелденсе, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Биыл қаңтарда ол Әзірбайжан аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазалар қарастырылған.
"Дикий Арманның" сыбайласы Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды
Болгарияда жалған төлқұжатпен ұсталған қазақстандық елде өзіне қауіп төніп тұрғанын айтты
Еске салайық, бұған дейін 2012 жылы Теміртауда жәбірленушінің жақ сүйегін сындырған күдікті 12 жыл бойы жасырынып жүріп, Дубайда ұсталды. Ол Қазақстанға экстрадицияланып, полицияға тапсырылды.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
