"Адам басына 40 келіге жуық": Қазақстанда ет пен көкөністі ең көп алматылықтар тұтынады

Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың үшінші тоқсанында азық-түлік тұтыну дерегін жариялады. 11 700 үй шаруашылығын зерттей келе, тұрғындардың ет пен ет өнімдеріне көп шығындалатынын анықталды. Оның көлемі кзық-түлік шығындарының 18,3%-ын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Етті Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ақмола облыстарының тұрғындары көп тұтынады. Орта есеппен әр тұрғын тоқсан сайын 24 келі ет жейді. Ең азы — Шымкентте. Онда тұрғындар тоқсан сайын тек 16,1 келі ет тұтынады.
Сонымен қатар, Алматыда көкөніс пен жеміс көп сатып алынады. Сәйкесінше 30,8 келі және адам басына 36,9 келі.
Тәуелсіздік күніне орай безендірілген азық-түлік дүкені қазақстандықтардың ықыласына бөленді
Түркістан облысы нан-тоқаш және дәнді дақыл өнімдерін көп тұтынады, яғни адам басына 43,4 келі. Солтүстік Қазақстан облысында балық қолданылады. Өнім тоқсан сайын адам басына 5,8 келі. Ақмола облысы сүт және сүт өнімдерін тұтыну бойынша бірінші орында, яғни адам басына 83,1 келі.
Қазақстан бойынша орташа тұтыну 2025 жылдың үшінші тоқсанында:
Картоп – 11,3 келі;
Нан-тоқаш және дәнді дақылдар – 31,7 келі;
Ет және ет өнімдері – 21,2 келі;
Жеміс – 29,6 келі;
Қант, джем, бал, шоколад, тәттілер – 11,4 келі;
Сүт өнімдері – 60,5 келі;
Жұмыртқа – 53,9 дана;
Балық және теңіз өнімдері – 3,6 келі.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтарға Жаңа жылға арзан азық-түлік уәде етілгені туралы жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты