Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Activation Hub: креатив пен стартаптың жаңа орталығы ашылды

Алматыда Activation Hub инновациялық орталығы ашылды. Бұл жер стартаптарды, серіктестіктерді және цифрлық бастамаларды дамытудың негізгі алаңына айналмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Activation Hub деген не және оның мақсаты қандай?

Activation Hub – IT-стартаптардың, кәсіпкерлердің және креативті саланың серіктестігін нығайтуға, цифрлық экожүйені кеңейтуге және инновацияның негізгі драйвері болуға бағытталған орталық. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан экономикасының түрлі саласында озық технологияларды енгізуге жәрдемдесу, бірлескен бастамалар мен тәжірибе алмасу алаңын құру. Мұнда орталық қатысушылары мен резиденттері, кез келген кәсіпкерлер мен новаторлар идея алмасып, жобаларын іске асыру үшін бір-біріне қолдау көрсете алады. 

Қазіргі уақытта Activation Hub-тың басты серіктестері – "Қазақтелеком" АҚ, Salem Entertaiment, BTS, Activ, Kcell. "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің айтуынша, Activation Hub креативті индустрия өкілдеріне, ІТ мамандарына және елдегі ірі компанияларға бірлесіп, Қазақстан нарығына жаңа әрі тиімді жобалар мен құралдар ұсынады деп жоспарланып отыр. 

"Қазақтелекомның дамуы үшін әрі трансформациясы үшін ІТ қауымдастықпен бірігу қажет. Өйткені оларда жақсы бір қуат, жаңа әрі қияли ойлар бар. Олардың осы идеялары елдің дамуына да, Қазақтелекомның ішкі экожүйесіне де оң ықпалын береді деген ойдамын. Ал Activation Hub үшін Salem Entertaiment-тің ғимараты таңдалды. Себебі мұнда креативтің, жаңа мүмкіндіктің, инновацияның рухы сезіледі", - дейді Бағдат Мусин. 

Орталық стартаптардың бастапқы кезеңінде дамуына ықпал етіп, оларға инфрақұрылымды, ресурстарды және сараптамаларды қолжетімді етеді. Сонымен қатар әлеуетті серіктестермен және инвесторларме тез байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Activation Hub резиденттерге өз өнімдері мен қызметтерін жылдам әрі тиімді жүзеге асыруға көмектеседі. 

Кімдер Activation Hub-тың резиденті бола алады?

"Қазақтелеком" АҚ төрағасы Бағдат Мусиннің сөзінше, кез келген стартап авторы, ІТ мамандары Activation Hub резиденті бола алады. Оларға ешқандай шектеу қойылмайды. Дегенмен олардың арасында да іріктеу өткізіледі. Бағдат Мусин креатив әрі ІТ нарығындағы білікті мамандар іріктеу комиссиясы болып, ІТ мамандардың ең үздік, болашағы бар деген стартаптарды таңдап алады. Таңдап алынған жобаларға ірі компаниялар түрлі қолдау көрсетіп, өнімін не қызметін іске асыруға, көпшілік арасында кеңінен таратуға көмектеседі. 

"Ең әуелі адамның энергиясына, көзінде оты бар-жоғына мән беріледі. Екіншіден, идеясын іске асырған, қолында бір өнімі бар, аз болса да, өз аудиториясы бар-жоғы қаралады. Клиенттерідің фидбегі қандай екенін де көреміз. Осының барлығын ескеріп таңдалады", - дейді Бағдат Мусин. 

Salem Entertainment  басқармасы Игорь Цай ІТ мамандарымен бірігіп жұмыс істеп, елдегі біраз өзекті мәселені шешуге көмектесетін өнімдер ойлап табуға болатынын айтады. 

"Екі әлем – медиа әлем мен ІТ әлем біріккелі жатыр. Біз медиа өкілдері, Salem Social Media түрлі тақырыпта фильмдер түсіреміз. Біздің үлкен аудиториямыз бар. Біз туындыларымыз арқылы елдегі өзекті мәселелерді ашық көрсетеміз, дегенмен оларды нақты шеше алмаймыз. Ал стартапшылармен, ІТ мамандарымен біріксек, үлкен бастамалардың себепшісі болатынымызға сенімдімін", - дейді Игорь Цай. 

Мәселен, Activation Hub бірегей контент авторларын, дубляжды автоматтандыруға, киберқауіпсіздікке, дыбыс агенттеріне, видеоға талдау жасауға, геймингке бағытталған жобаларды іздейді. 

Activation Hub-қа өтінішті мына сілтеме арқылы беруге болады. 
 

Талқылау