Абортқа тыйым салғандықтан өліп қалған жүкті әйелді үш айдан бері жасанды желдету аппаратына қосып қойған
Фото: Ru.freepik.com
АҚШ-та Эмори университетінің ауруханасының дәрігерлері 30 жастағы Адриана Смиттің денесін үш айдан астам уақыт бойы өкпені жасанды желдеткіштің көмегімен ұстап келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігерлер жүкті әйелдің миы өлді деп тіркеді. Бірақ штатта құрсақтағы сәбидің жүрек соғысы анықталғаннан кейін аборт жасауға қатаң тыйым салынған. Сол себепті дәрігерлер әйелдің миы өлсе де, оны үш айдан бері жасанды желдету аппаратына қосып қойған.
Адриана Смит – дипломы бар медбике және ана. Жүктіліктің тоғызыншы аптасында миында бірнеше тромб анықталып, салдарынан “миы өліп”, ауруханаға жатқызылды. Заңда мидың өлуі адамның қайтыс болуымен теңестіріледі.
Соған қарамастан, дәрігерлер Джорджия штатының заңы бойынша әйелдің денесін өмірді қамтамасыз ететін аппаратқа қосып ұстауға мәжбүр екенін айтқан. Олар марқұмның жақындарына ұрық дамып, шамамен жүктіліктің 32-аптасына жеткенде кесар тілігін жасау жоспарланып отырғанын жеткізді.
Бұл жағдайда марқұмның туыстарының шешім қабылдауға еш құқығы жоқ. Адриананың анасы жақында ұрықтың миында сұйықтық жиналғанын айтты. Бұл сырқат баланың көру қабілетінен айырылуына, жүре алмауына немесе тіпті туылғаннан кейін шетінеп кетуіне әкелуі мүмкін.
"Оның немереме аяғы ауыр, бірақ немерем де аман қалмауы мүмкін", – деді Адриананың анасы.
Жақында әйелді ұзақ мерзімді күтім үшін басқа, жабдықталған ауруханаға ауыстырды. Осылайша дәрігерлер марқұмды бала жетілгенше жасанды желдету аппараттының көмегімен ұстамақ.

"Жиырмадан асқан жігіттер қырындайды": Қызының қатарласындай жас көрінетін 40 жастағы қазақстандық әйел желі жұлдызына айналды
