Әблязовтің сыбайласы деп танылған журналист Жанболат Мамайға қатысты сот отырысы өтті
Бүкіл зиялы қауым жақтаса да, босатылмай, алты ай қамауда отырған белгілі журналист Жанболат Мамайға қатысты кеше сот отырысы басталды. Журналистке қолдау білдіріп келгендердің көп болғаны сонша, сот залында ине шаншар жер болған жоқ. Жарты жылдан кейін бірінші рет БАҚ өкілдерінің алдына шыққан Жанболат Мамайдың өзі «әділдіктің барына сенемін» деді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Мемлекеттік айыптаушы Жанболат Мамайға Қылмыстық кодекстің 193-бабы бойынша «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлiктi заңдастыру» айыбы тағылғанын айтты. Прокурордың сөзінше, БТА Банкінің бұрынғы басшысы, шетелде жүрген Мұхтар Әбләзов банктен жымқырған қаржының бір бөлігін Жанболат Мамай редакторы болған «Трибуна. Саяси қалам» газетін қаржыландыруға жұмсаған. Сотта куәлік еткен Әбләзовтің бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетовтің сөзінше, ол журналистке 110 мың доллар көлемінде ақша берген. Бірақ, Жанболат Мамай өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Қоғамдық күштер де бұл процесті «саяси қудалау» деп бағалап отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Оңтүстік Қазақстанда жұртты лаңкестікке үгіттеген азамат сотталды
Алматы облысында қоқысқа тұншыққан жұрт жаппай ауруға шалдығып жатыр
Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр
Оралдық ата-аналар оқулықта “лайкать”, “пиарить” деген сөздер өріп жүргенін айтып шағымданды