Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әблязовтің ісіне қатысты сотта куәгерлер Тәтішевтің өлімінен бір күн бұрын болған жайтты жайып салды

Әблязовтің ісі бойынша куәгерлер оның банкир Ержан Тәтішевпен жанжалы туралы айтып берді. Олардың сөзінше, Тәтішевтің өлімінің алдында екеуі Мәскеуде кездескен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Әблязовтің ісіне қатысты сотта куәгерлер Тәтішевтің өлімінен бір күн бұрын болған жайтты жайып салды

Әблязовтің ісіне қатысты өтіп жатқан сырттай сот тыңдалымында куәгерлерден жауап алынды. Олардың сөзінше, Тәтішевтің өлімінің алдында, екі банкир Мәскеудегі  «Шереметьево» әуежайында кездесіп, олардың арасында ұрыс туындаған. Бір-біріне дауыс көтеріп сөйлеген Әблязов пен Тәтішев артынша екі жаққа кетіскен. Ал ертесі күні Тәтішев қайтыс болды.

Хабарланғандай, банкирлер «Тұранәлем» банкінің акцияларының бағасына келісе алмаған. Бастапқыда Әблязов оларды 300 миллион долларға бағалап, Тәтішевке тапсырған. Алайда артынша айнып қалып, бағасын көтеріпті. Нәтижесінде, Тәтішевтің өлімінен кейін акцияларын қайтарып алады.

Куәгерлердің сөзінше, Әблязовқа акцияларды қайтарып алуға арнайы қызметтер көмектескен. Осыған байланысты ендігі сол уақыттағы ҰҚК басшысы Нартай Дүтбаевтан жауап алынатын болады. Бүгінде ол мемлекеттік құпияларды жариялағаны үшін жазасын өтеп жатыр.

Сонымен қатар банкирдің өліміне қатысы бар кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиен де жауап алу жоспарланып отыр. Ал Әблязовтің өзі қылмысты ұйыдастырды деп айыпталуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау