Абхазия президенті түсік тастауға тыйым салды
Абхазия президенті Рауль Хаджимба «Денсаулық сақтау» туралы реформалық заңға қол қойды. Бұл заң елде түстік тастауға берілетін рұқсатты алып тастайды.

Сурет AFP
Бұл туралы BBC орыс қызметі сайты хабарлайды.
«Бұдан былай екіқабат әйелдер босанбай, түсік тастағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Одан бөлек, елде жүктілік дағдарыс орталығы құрылатын болды. Бұл орталық – жоспарланбаған жүктілікке байланысты кеңес беру, тығырықтан шығар жол табуды үйретеді. Сәйкесінше түсік тастағысы келіп жүрген келіншектерге де жол көрсетеді», – делінген заң мәтінінде.
Депутаттардың арасынан Эмма Гамисония Грузияға қосылуға қарсылық танытқан, алайда әлемнің көптеген елдері дербес мемлекет ретінде мойындамаған республика «ана өмірі мен туылмаған сәбиді өмірін сақтап отыр» деді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген