Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды
Дзюдодан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова жаңа атаққа ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абиба Әбужақынова Ақтөбеде өткен Қазақстан чемпионатында жаңа атаққа ие болды. Ол ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атанды. Оған куәлікті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов табыс етті.
"Дзюдодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атандым. Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионаты аясында Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов куәлік табыстады. Сондай-ақ Елдос ағам алтын нашивкасына қол жеткізді. Елдос ағамның жолын берсін деп ырымдадым", - деп жазды Абиба өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Сметовке осы біріншілік аясында Халықаралық дзюдо федерациясы жіберген (IJF) арнайы "алтын жазу" табысталды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

