Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абиба Абужақынованың Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысындағы қарсыласы анықталды

Париж олимпиадасында бесінші орын алған Абиба Әбужақынованың Grand Slam турниріндегі қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парижде жүлдеге сынық сүйем қалғанда тоқтаған Абиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді. Ертең бозкілемге шығатын отандасымыз қарсыластары анықталды. Әлемдік рейтингте үздіктер қатарында тұрған Абиба турнирді екінші айналымнан бастайды. Ол филиппиндік Джуэл Энн Рафаель мен IJF құрамасының өкілі ретінде қатысатын Марина Воробьева арасындағы жұптың жеңімпазымен шеберлік байқасады. 

Айта кетейік, бұл сын Абибаның Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы. Бірақ бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасы Загребте өткен Гран-приге қатысып, 2 алтын, 1 күміс медаль иеленген еді. 

Талқылау