Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абиба Абужақынова Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысына қатысады

Париж олимпиадасында бесінші орын алған Абиба Әбужақынова Әбу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Парижде жүлдеге сынық сүйем қалғанда тоқтаған Абиба Әбужақынова бастаған Қазақстан құрамасы Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде өнер көрсетеді. 11-13 қазанға жоспарланған әлемдік додаға 33 елден 236 спортшы қатысады деп болжанған. Бұл турнирде ел намысын 13 татами шебері қорғайды. Abu Dhabi Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімін ұсынамыз:

Ерлер:
Мағжан Шамшадин (-60 кг)
Дәурен Сүйеукенов (-60 кг)
Әділбек Берікұлы (-66 кг)
Дархан Қойбағар (-73 кг)
Ермек Амангелді (-73 кг)
Жалғас Қайролла (-81 кг)
Руслан Мұсаев (-81 кг)
Әділет Сапарғалиев (-100 кг)
Мәди Еділбаев (+100 кг).
Әйелдер:
Абиба Абужақынова (-48 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)
Карина Такиева (+78 кг).

Айта кетейік, бұған дейін дзюдодан Қазақстан құрамасы Загребте өткен Гран-приге қатысып, 2 алтын, 1 күміс медаль иеленген еді. 

Талқылау