Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Будапештте өткен әлем чемпионатынан кейін жаңартылған Халықаралық дзюдо федерациясының рейтингінде жоғарылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы бірден екі сатыға көтеріліп, қазіргі таңда әлемдік рейтингтің екінші орнына жайғасты. Оның еншісінде — 5662 рейтингтік ұпай бар. Бұл салмақта көш бастап тұрған — Италия өкілі Ассунта Скутто (5958 ұпай), ал үшінші орында — француз спортшысы Ширин Букли (5170 ұпай).
Еске салайық, Абиба Әбужақынова жуырда өткен әлем чемпионатының финалына дейін жетіп, шешуші белдесуде Ассунта Скуттодан жеңіліп, күміс медаль иеленген болатын.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

